logoru
logo

«Реал» футболшысы әлемдегі ең үздік жас ойыншы атанды

  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 101 рет

KAZUS.KZ. Беделді Goal порталы әлемдегі ең үздік жас ойыншыларды анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл номинация биыл «Реал Мадридтің» бразилиялық 19 жасар  ойыншысы Родриго Гоэске бұйырды. Екінші және үшінші орындарды «Барселона» шабуылшысы Ансу Фати мен «Манчестер Юнайтед» ойыншысы Мейсон Гринвуд өзара бөліскен.

Goal нұсқасы бойынша Топ-10 жас ойыншы:

1. Родриго, «Реал Мадрид» 

2. Ансу Фати, «Барселона» 

3. Мейсон Гринвуд, МЮ 

4. Рейньер, «Реал Мадрид» 

5. Эдуардо Камавинга, «Ренн» 

6. Габриэль Мартинелли, «Арсенал» 

7. Ли Кан Ин, «Валенсия» 

8. Мохаммед Ихаттарен, ПСВ 

9. Такефусе Кубо, «Реал Мадрид» 

10. Райан Гравенберх, «Аякс».