logoru
logo

Нұр-Сұлтан мен Алматыда себепсіз үйінен шыққандарға айыппұл салынады

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 109 рет

KAZUS.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" телеарнасындағы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеу ережелерін бұзғандар қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қоғамдық көлік жұмысы бойынша қазір әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай, қоғамдық көлікке қосымша жүктеме түсіп, қозғалыс шектелуі мүмкін. ", - деді Абаев тікелей эфирде.

 Қала тұрғындарына үй жануарларымен аулада серуендей алады.

"Азаматтар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен, ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды", - деді министр.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауап көзделгені айтылды. 

Министр бүгін түнгі 00-ден бастап көшеде жүруге тыйым салынғанын атап өтті. Ал жұмысқа шыққаныңды растау үшін тікелей басшының не кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірі болғаны жөн.