logoru
logo

Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған азамат ұсталды

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 48 рет

Нұр-Сұлтан қаласында теракт жасамақ болған күдікті азамат қолға түсті, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады. Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қолға түскен адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасуда.