logoru
logo

Шымкент пен Жамбыл өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезді

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 71 рет

KAZUS.KZ. "Сейсмологиялық тәжірибелік- әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылғы 26 наурызда Алматы уақытымен сағат 10-да 48 мин 45 секундта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 617 шақырым жерде Өзбекстанда орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.5. Магнитудасы - MPV 4.8. Эпицентр координаты - 40,65 ° N 70.31 ° шығыс. Тереңдігі - 5 км. Белгілері туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Шымкентте - 2-3 балл, Таразда - 2 балл, делінген хабарламада.