logoru
logo

Apple компаниясы наурыздың соңында жаңа өнімін таныстырады

KAZUS.KZ. Apple компаниясы 31 наурызда арзан бағадағы iPhone SE 2 немесе iPhone 9 өнімін таныстыруды жоспарлап отыр, деп жазады "Хабар 24"

Жаңа гаджет 3 сәуірден бастап сатылымға шықпақ. Сондай-ақ жаңа iPhone-нан басқа, бірқатар жаңа гаджеттер көрсетіледі деп күтілуде.

Айта кетсек, Apple көптеген жылдар бойы іс-шараларды дәстүрлі түрде наурыз айында өткізеді.