logoru
logo

Қазақстан құны үш млн теңгеден аспайтын автокөлік шығармақ

Қазақстан құны үш млн теңгеден аспайтын автокөлік шығармақ фото: ашық дереккөз
  • Бөлім:  Экономика
  • Оқылды 46 рет

KAZUS.KZ. Қазақстанда бағасы 3миллион теңгеден аспайтын көлік жасалмақ. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазады abai.kz.

Үкіметпен жасалған келіссөз және тапсырмаларға сәйкес, автосалондағы құны 3 миллион теңгеден аспайтын эконом әрі арзан көлік шығару жөнінде жаңа тапсырма бар. Қосымша несиелендіру, лизинг жасалатын бағдарламалар жасалады. Біз 3 миллион теңгеден аспайтын көлік моделін таптық, – деген Андрей Лаврентьев.

Қазақстанда қазір бірнеше көлік түрлері құрастырылады. Лаврентьевтің айтуынша, көлік өндірісінің өсімін жылына 100 мың машина шығаратындай дәрежеге жеткізуге болады.