logoru
logo

Жұмыстан шығарылған қызметкер 5 адамды атып өлтірген

Жұмыстан шығарылған қызметкер 5 адамды атып өлтірген Фото: WISN-TV / AP
  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 23 рет

KAZUS.KZ. Висконсин штаты Милуоки қаласында Molson Coors кәсіпорнында жұмыстан шығарылған қызметкер атыс шығарған. Бес адам қаза болған, атқыштың көзі жойылған, - деп жазады tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Альфонсо Моралес мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, 51 жастағы күдікті қаза тапқан басқа адамдармен бірге жатқан жерінен табылған. Ол - Милуоки тұрғыны. Molson Coors компаниясы сыра өндірумен айналысады.

Бұл оқиға туралы АҚШ президенті пікір білдірді.

"Қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. (...) Бұл - сұмдық", - деді президент журналистерге брифинг кезінде.