logoru
logo

Тараздағы тойда тоғыз адам уланып, жетеуі ауруханада жатыр

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 38 рет

KAZUS.KZ. Тараз мейрамханаларының біріндегі тойдан кейін тоғыз адамның улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда жеті адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда екен. Ол туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінен уланған жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына медициналық көмекке тоғыз адам жүгінді. Оның ішінде жеті адам ауруханаға жатқызылды. Ал екі адам медициналық тексеруден кейін шығарылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалған жеті адамның жағдайы да қалыпты дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған 30 адамның жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда медициналық көмекке жүгінген тоғыз тұрғынның улануы мүмкін делінген мейрамханаға тексеру жұмыстары жоспарлануда.