logoru
logo

Зинедин Зидан әлемдегі ең мықты бапкерді атады

Зинедин Зидан әлемдегі ең мықты бапкерді атады фото: BBC
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 102 рет

KAZUS.KZ. Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан англиялық "Манчестер Ситиді" жаттықтыратын Хосеп Гвардиоланы әлемдегі ең мықты маман ретінде мойындады, - деп хабарлайды zakon.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ол мұны "Барселона", "Бавария" мен "Манчестер Ситиде" көрсете алды. Үздік бапкерлер көп, бірақ, меніңше ол ең мықтысы", - дейді Зидан.

Айта кетейік, "Реал" мен "Сити" - Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарсыластар. Бірінші матч ақпанның 26-нан 27-не қараған түні Мадридте, ал қарымта - 17 наурыз Манчестерде.