logoru
logo

Telegram әлеуметтік желісі жаппай әлемде дұрыс жұмыс істемей тұр

Telegram әлеуметтік желісі жаппай әлемде дұрыс жұмыс істемей тұр фото: actualapple.com

KAZUS.KZ. Әлемнің бірқатар елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да Telegram әлеуметтік желісі жаппай дұрыс істемей тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Downdetector.ru сайтының мәліметінше, Telegram Қазақстанда, сонымен қатар Ресейдің, Қырғызстанның, Украинаның, Иранның, Германияның, Нидерландының, Италияның бірқатар қалаларында дұрыс жұмыс істемей тұр.

Желіні пайдаланушылар, бұл бағдарлама мүлдем жұмыс істемей тұрғанын айтады. Біреулері хабарлама жібере алмаса, тағы біреулерде медиа файлдар жүктелмей жатыр.