logoru
logo

Кенжебек Жанәбілов жұбайы мен сәбиін перзентханадан шығарып алды

  • Бөлім:  Шоу-бизнес
  • Оқылды 102 рет

KAZUS.KZ. Күні кеше «Музарттық» әнші Жанәбілов жұбайы мен кішкентай ұлын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды. Тосын сыйды күтпеген өнер иесінің келіншегі таңғалысын жасыра алмады, деп хабарлайды Shownews.kz.

Кенжебек Жанәбіловтың жанұясында жағымды жаңалық. Таяуда төртінші мәрте әке атанғанын әлеуметтік желіде хабарлаған өнер иесі, бүгін жұбайы мен кішкентай ұлын перзентханадан шығарып алды.

«Осы балам дүниеге келетін кезде ұшаққа билет алып қойған болатынбыз. Аяқ астынан жұбайымның толғағы келіп қалды. Сосын ұшақтың уақытын ауыстырып, бірден перзентханаға келдік. Біршама уақыт өткен соң дәрігерлер сүйінші сұрап келді. Ұлды болдыңыз деп» , -деді Кенжебек.

Жас ана мен бөбектің денсаулығы жақсы. Сәбидің салмағы 3-те 35 келі, бойы 53 сантиметр. «Музарттық» әнші он бір жыл күткен ізбасарының есімін Әліби деп қойыпты.

«Үлкен ұлымызға серік болатын, жұмсайтын бір інісі болса екен деп армандадық. Өйткені, үлкен ұлдан кейін егіз қыз болды. Егіз қыздан кейін тағы бір ұл болса екен деп тілеуін тіледік Алладан», -деді Жанәбілов.

Кенжебектің тұңғышының есімі Ахмет, егіз қыздары Кәлима мен Кәрима. Інілерінің дүниеге келгеніне олар да дән риза. Тіпті, бауырларын көріп, нәрестерің кімге ұқсайтынында аңғарып қойған.

«Әкемізге ұқсайды. Бірақ, менің ойымша Әліби әкемізге емес анамызға ұқсайтын сияқты деп ойлайымын. Кішкентай кезінде көзін ашқанда анамызға ұқсайды. Ал ұйықтағанда ағамызға ұқсап қалады», – деді Кенжебектің егіз қыздары Кәлима мен Кәрима.

Құшақ- құшақ гүл, сәбиге арналған сыйлықтар, арнайы шақыртылған ансамбль! Кенжебектің келіншегі мұндай тосын-сыйды күтпепті. Жанәбіловтердің қуанышымен ортақтасуға келген жақындарын көріп Жәмилә аң-таң!

«Енді толқып тұрмын. Бәрі керемет күшті. Мен ойлағандай болған жоқ. Күшті тосын сый болды мен үшін», – деді Жәмилә.

Жанәбіловті арнайы құттықтауға отандық шоу-бизнестегі достары мен ағалары келді. Өнер иелері Кенжебектің сүйіншісін беріп, ақ тілектерін жаудырды.

«Бүкіл өнердегі бауырлары ағалары, барлығымыз шын жүректен өзіміздің үйіміздегі қуаныштай қуанып жүрміз», – деді Арман Дүйсенов.

«Сүйіншіге айтпай-ақ қояйын. Өзіміз бір жақсы бір сыйлығын бердік. Ол енді құпия болып қалсын. Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын. Дені сау болсын. Дүниеге әкелген анасының дені сау болсын», – деді Мақсат Базарбай.