logoru
logo

Коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол жұмсады фото: ашық дереккөз
  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 100 рет

KAZUS.KZ. Кіші дәретке отырғанда қиналған Читтур округінің тұрғыны (Үндістанның Андхра-Прадеш штатының оңтүстігінде) мұны коронавирус деп ойлап, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz thenewsminute.com сайтына сілтеме жасап.

Ол, негізінде зәр шығару жолдарының инфекциясынан зардап шеккен.

Тоттамбеду ауылының 54 жастағы Балакришнайя деген тұрғыны алдында қоғамдық ауруханаға барып, кеңес алып қайтқаннан кейін өзгерген. Отбасы мүшелерінің айтуынша, дәрігерлердің сөзін дұрыс ұқпаған ер адам өзін коронавирус болып қалдым деп ойлаған.

Сурет : ABN TELUGU
Біз оған: "Сенде коронавирус жоқ" деп айттық, бірақ ол бізге өзіне жоламауды талап етті. Ол барлық тұрғындарға өзінен аулақ жүруін сұрады, - дейді Балакришнайяның ұлы журналистерге берген сұқбатында.

Оның әйелі күйеуіне дәрігерлер инфекция барын айтып, бетперде киіп жүруге кеңес бергенін айтты.

Сенбі күні ол өзін оғаш ұстай бастады. Ал дүйсенбі күні таңертең өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды, - деді ол.

Баласының айтуынша, Балакришнайя қатты үрейленіп, отбасы мен ауылына қауіп төндіремін дегенге сенген.

Біз оған жақындасақ, тас лақтыра бастады. Ол ауылға қауіп төндіретіндіктен, тез арада өлуі керек екенін айтты. Бізге жақындамауымызды талап етті, - деді ол.

Ер адам интернеттен коронавирус белгілері туралы көптеген видео көріп, өзі оны жұқтырғанына сенімді болған. Ченчулая дәрігерлері коронавирус туралы насихат жұмысы бүкіл штатта жүргізіліп жатқанын айтты.

Коронавирусты жұқтырғандар осы уезде немесе штатта тіркелгені жоқ. Біз күн сайын газеттер арқылы адамдарды бұл қауіпті індет туралы үнемі хабардар етіп отырамыз, - деді дәрігер.