logoru
logo

Илья Ильин алтын медаль ұтып алды

Илья Ильин алтын медаль ұтып алды фото: 24tv.ua
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 41 рет

KAZUS.KZ. Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды. Бұл - Токиодағы Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық жарыс.

ІІ-орынды Катарлық Фарес Эльба иеленді - 353 (159 + 194) келі. Өзбекстандық ауыр атлет Умарбек Шохназаров қола жүлдеге ие болды. Ол 341 (155 + 186) келіні көтерді.

Халықаралық достастық біріншілігінің лицензиялық мәртебесі бар. Онда спортшылар рейтинг ұпайларын жинай алады, олар Олимпиадаға іріктеу кезінде ескеріледі.