logoru
logo

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер: 25 қылмыстық іс қозғалды

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер: 25 қылмыстық іс қозғалды фото: ашық дереккөз
  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 67 рет

KAZUS.KZ. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларға қатысты қылмыстық істер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктер, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, мүлікті бүлдіру, сондай-ақ қару жасау бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды", - деді Сортөбе ауылында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Бас прокуратура ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды, олар қазір осы іспен айналысып жатыр.

"Ең басты міндет - ұйымдастырушыларды, бастаушыларды, арандатушыларды және кінәлілерді табу. Жұмыс нәтижесі бойынша біз сіздерге қосымша ақпарат береміз. БАҚ-та қаза болған адамдарға қатысты әртүрлі ақпарат бар. Бүгінде 10 адам қаза тапты. Арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды, ақпаратты кез келген уақытта сізге беретін боламыз. Ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алу керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Бұған дейін Масанчи ауылындағы тәртіпсіздікте қаза тапқан 8 адамның тізімі жарияланған еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.