logoru
logo

«Ұнамайды мүлдем!» Кенталдың су жаңа бейнебаяны сынға ілікті

  • Бөлім:  Шоу-бизнес
  • Оқылды 50 рет

KAZUS.KZ. Тың форматта бейнебаян түсіріп, шоу-бизнестегі әріптестерінен ерекшеленуді көздеген Кентал желідегілердің ашуын оятты, деп хабарлайды  Shownews.kz

Кентал су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Өзге әртістер секілді Талғат жиі жұрт назарына ілікпесе де әріптестерінен ерекшеленуді жақсы біледі. Кенжеболатов араға біраз уақыт салып репертуарындағы «Жаным-ай» әніне тың форматтағы клип түсірген.

«Негізі бұл клипті 2019-да түсіргенбіз. Күз айынан бері сақталып жатыр. Себебі, директормен ақылдасып 2020-да жарыққа шығарайық деп шештік. Жаңа бейнебаян жаңа жылда шықсын дедік», -деді Кентал.

Бірақ, Кенталдың сары майдай сақтаған туындысы «бомба» болмай шықты! Керісінше, көптің талқысына түсіп, желідегілердің ашуын оятты. Талғат бұл жолы да артық қыламын деп шектен шыққан сыңайлы. Себебі, ғаламторда әншіге жолданған жағымсыз пікірлір саны толастар емес.

«Осыны да клип, өлең дейді ғой. Не өлеңнің, не клиптің мағынасы жок. Өмірі онша емес клип түсіреді. Ұнамайды мүлдем», «Сөзім жоқ. Осындай клип шығаруға неге ұялмайды. Осындайларды қадағалайтын біреу бар ма?» – деді оқырмандары.

«Бейнебаян кеше ғана жарыққа шықты. Бүгін қаншама адам неше түрлі пікірлер жазып жатыр. Негізі тоқсан пайызы әзілден жиналған бейнебаян. Сондықтан, қолдағандар да бар. Күлдім-ау шегім қатып дегендер де бар. Бірақ, кейбір адамдар, түсінбей жатыр», – деді Талғат Кенжеболатов.

Алайда, әншінің кезекті әзілін жұрт түсінбеді. Бірақ, өнер иеснің хейтерлермен санасар түрі жоқ. Кенталдың сөзінше, бұндай клип бұрын-соңды отандық шоу-бизнесте болмаған.

«Бейнебаянға біраз ақша кетті. Себебі, ең қымбат клип деп айта аламын. Қазақстанда болмаған формат, ерекше формат шығардық. Сондықтан көбісі түсінбей қалды. Бірақ біраз уақыт өтсін түсінеді деп ойлаймын», – деді Кентал.

Аталмыш бейнебаянды ғаламторға жүктелгелі 85 мыңға жуық ғаламтор тұтынушылары тамашалаған. Желідегі пікірлерге зер салсақ, көрерменнің басым бөлігі вайнер Секаға қызығушылық танытқан.

«Ренжіме, Кентал! Өлеңнің мағынасы жоқ, тек клипті Сека мен Нурик үшин қарадым», «Секаның командасы мықты ғой», – деді желі қолданушылары.

«Сека ол менің досым. Жан-жолдасым. Балалармен отырып, Нұрғали деген жігіт те бар ақылдастық. Сөйтіп, осындай шешімге келдік», -дейді Кенжеболатов.

Клипі сынға іліксе де Кентал мойымақ емес. Алдағы уақытта командасымен дәл осы бейнебаяның жалғасын таспалауды қолға алмақ.