logoru
logo

"Паразиттер" драмасы "Оскар-2020" рәсімінің жеңімпазы атанды

Таңдаулы "Паразиттер" драмасы "Оскар-2020" рәсімінің жеңімпазы атанды фото: ашық дереккөз
  • Бөлім:  Мәдениет
  • Оқылды 81 рет

KAZUS.KZ. Оңтүстік Кореяның режиссері Пон Джун Хоның "Паразиттер" драмасы "Оскар-2020" рәсімінің төрт дүркін жеңімпазы атанды, деп жазады Baq.kz

Картина "Үздік фильм", "Үздік шетелдік фильм", "Үздік ерекше сценарий" және "Үздік режиссер" номинацияларында басым түсті. Айта кетейік, бір фильмнің негізгі және халықаралық номинацияда жүлде алуы Оскар тарихында алғаш рет болып тұр.

"Болды, бәрі аяқталып, енді демалуға болады деп едім", - деп қалжыңдады режиссер сахнаға кезекті рет көтерілгенде.

Жалпы биыл Академия марапатының тарихында алғаш рет болған заттар көп болды. Мысалы, "Джокер" фильміне және "Чернобыль" сериалына музыка жазған 37 жастағы Хилдур Гуднадоттир "Үздік композитор" атанған алғашқы әйел адам. Алғаш рет маори тайпасының тумасы (Жаңа Зеландия) Тайка Вайтити "Үздік бейімделген сценарий" ("Джоджо қоян" фильмі) үшін Оскар алды. Осыған қоса "Паразиттер" тарихта тұңғыш рет шетел тілінде (ағылшын тілінде емес) түсіріліп, үздік атанған лента болды.
Сонымен 2020 жылғы "Оскар" жеңімпаздары:
Үздік фильм: "Паразиттер".
Үздік актер - Хоакин Финикс ("Джокер").
Үздік актриса - Рене Зеллвегер ("Джуди").
Үздік режиссер - Понг Джун-Хо ("Паразиттер").
Үздік шетелдік фильм – "Паразиттер" (Оңтүстік Корея).