logoru
logo

Қытайда коронавирус жұқтырғанын тексеретін мобильді қосымша пайда болды

Қытайда коронавирус жұқтырғанын тексеретін мобильді қосымша пайда болды фото: ашық дереккөз

KAZUS.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын тексеруге арналған арнайы қосымша іске қосылды, деп хабарлады "Хабар 24" ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Қосымшаны ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті, Қытайдың ғылыми-технологиялық электроника корпорациясы және ҚХР Мемлекеттік кеңесі бірлесіп жасаған.

Қосымша арнайы QR кодты сканерлеу арқылы қолжетімді. Содан кейін ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеліп, аты-жөні мен жеке куәлік нөмірін енгізу арқылы жеке басын растауы керек. Шетелдік азаматтар тіркеуден өте алмайды, өйткені жүйе Қытай азаматтарының жеке куәліктерін ғана қабылдайды.

Егер қосымша қолданушыға жұқтыру ықтималдығын хабарлаған болса, тіпті белгілері болмаған жағдайдың өзінде дереу медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну ұсынылған.