logoru
logo

Интернет арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған студент ұсталды

KAZUS.KZ. Орал қаласында полицейлер есірткі заттарды сақтады деген күдікпен жергілікті колледждің студентін ұстады, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында бөліп салынған "Альфа ПВП" синтетикалық есірткі заты және гашиш табылды. Есірткі заттарынан басқа ұсталған адамнан бірнеше ұялы телефон, банк карталар, электрондық кір және буып-түюге арналған материалдар алынды, - делінген ІІМ хабарламасында.

Тергеу барысында белгілі болғанындай 19 жасар Орал тұрғыны танымал мессенджер арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған. Сатуға арналған есірткіні ол интернет арқылы тапсырыс беріп, байланыссыз жолмен алып отырған. Содан кейін өз пәтерінде бөліп буып, жасырып таратқан.  

Барлық мекенжайлар, геобелгілер және фотолар ұсталғанның телефонында тіркелген. Барлығы соңғы екі айда Орал және Ақтөбе қалаларында 50-ге жуық жасырылған орын анықталған.  

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе есірткі заттарды, психотропты заттарды өткузі) сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазір заттарды жасыру функцияларын жүзеге асырған тұлғалар анықталуда, дәлелдемелік базаны бекіту бойынша және ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізу) жаңа айып тағу үшін тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізгені үшін жауапкершілік көздейтін қылмыстық заңанамадағы өзгерістер күшіне енді. Ол үшін мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатын болады.