logoru
logo

Сенатта инфрақұрылымды жаңарту мәселесі талқыланды

  • Бөлім:  Cаясат
  • Оқылды 85 рет

KAZUS.KZ. Бүгін Cенаттың жалпы отырысында депутаттар ауыз су құбырлары, электр қуатын тарату желілері, тамтығы қалмаған жол, жөнделмеген көпір туралы Премьер-министрге ұзын саны 14 сауал жолдады, деп жазады "Хабар 24".

90 пайызы инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысты. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Үкімет тез арада инфрақұрылымды жаңартуға күш жұмсауы қажеттігін атап өтті.

Себебі мемлекет ескірген желілердің кесірінен артық су, электр энергиясын жоғалтуда. Өңірлердің арасында коммуникация нашар дамыған, осының барлығын депутаттар толық бақылауға алмаса болмайды. Бүгін Сенат отырысында салықтық келісімдерге қатысты, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының экстремизге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясы туралы, соғыста қолдануға тиым салынған құралдар жайлы хаттамаларды ратификациялау жобалары қабылданды.

Айта кетейік, Қазақстан бактериологиялық және уытты қаруды әзірлеп, оларды сақтауға тыйым салу және жою туралы конвенцияны 2007 жылы ратификациялаған. Енді оны осы сенатта қабылданған Женева хаттамасы толықтырып отыр. Құжат халықаралық қауіпсіздік жүйесінде ерекше мән-маңызға ие.