logoru
logo

Қазақстанда бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу ұсынылды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 132 рет

KAZUS.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қаралып жатқанын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Еңбек министрлігі бала күтіміне берілетін жәрдемақыны өсіру туралы бастама көтергісі келеді. Қазір ондай жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ғана төленеді. Біз бала бір жарым немесе үш жасқа  толғанша жәрдемақы төлеуді созу мәселесін көтеріп, тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді. Қазір елімізде 387 мың ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады», - деді ол.

Айта кетейік, Қазір Қазақстанда босанған әйелге баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік  жәрдемақы (ай сайын 16 мың теңге шамасында - авт) және жұмыс істеген аналар үшін бұрынғы жалақысының 40 пайызы бала бір жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы ретінде төленіп отырады.