logoru
logo

Қытай АҚШ-тан Сычуандағы консулдығын жабуды талап етті

Қытай АҚШ-тан Сычуандағы консулдығын жабуды талап етті Фото: yimg.com
  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 53 рет

KAZUS.KZ. Қытай билігі АҚШ-тан Чэнду қаласындағы (Сычуан провинциясы) бас консулдығын жабуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

"Министрлік Чэнду қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығынан барлық іс-шара мен қызметін тоқтату туралы нақты талап қойды", - делінген ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Бұл АҚШ-тың өз еліндегі Қытай консулдығын жабу талабына жауап болуы мүмкін. Қытай тарапы бұл іске жауапкершілікті Вашингтон мойнына толық алатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз АҚШ-ты қате шешімнен бас тартуға және екі жақты қатынасты қалыпқа келтіру үшін қажет жағдай жасауға шақырамыз", - деді ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі өкілі.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Қытайдан Хьюстондағы консулдығын жабуды талап еткен еді.