logoru
logo

Түркістан облысында жол апатына бір адам көз жұмды

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 153 рет

Түркістан облысында трактор мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Бүгін Шымкент-Самара автожолының 141 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. "Хюндай-Гретта" маркалы жеңіл автокөлігі алда келе жатқан тракторға кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы көз жұмды, екінші зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апат орнында анықтаушылар жұмыс істеуде.

Аталған жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы "көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.