logoru
logo

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

KAZUS.KZ. WhatsApp мессенджерінің бета нұсқасында жаңа функция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Wabetainfo-ға сілтеме жасап.

Порталдың ақпаратына сүйенсек, WhatsApp-та QR-кодтарды анықтайтын функция болады. Қазір ол iOS қосымшаларында бета-нұсқада пайдалануға болады, ал кейін Android құрылғыларында да шығады.

Енді мессенджер пайдаланушылары өз телефон нөмірі шифрленген кодпен бөлісе алады. Мұндай комбинацияны алған кезде оны смартфон камерасы арқылы скан жасау керек. Содан соң ол нөмірді бірден байланысушылардың тізіміне қоса қояды.

Егер QR-код аяқ астынан жіберу керек адамға емес, басқа біреуге кетіп қалса, онда оны өшіріп, жаңасын жасауға болады.