2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Әлемде

Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блоктап тастады

Дональд Трамп

KAZUS.KZ. Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блоктап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы әлеуметтік желілермен бірге Youtube те Трамптың Капитолий маңында жақтастарына жолдаған видеоүндеуін көрсетпей тастады.

Әлеуметтік желілердің әкімшілігі бұл видео олардың талаптарын бұзатынын мәлім етті.

Бұл – АҚШ президенті осы уақыт аралығында аталмыш платформаларда ештеңе жариялай алмайды деген сөз.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ конгресі сайлаушылардың даусын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын. Осы күні Дональд Трамп жақтастарының жаппай наразылық акциясынан кейін оған қатысушылардың бір тобы конгресс ғимаратына басып кірді.

Дональд Трамп осының алдында Вашингтонның ортасында мыңдаған адам жиналған митингте сөз сөйлеп, өзінің жеңілгенін мойындамайтынын айтқан. Сөйтіп өзіне сенетін қауымды Капитолий ғимаратына барып, наразылық білдіруге шақырды.

Билік Вашингтонда коменданттық сағат енгізді.

Ұқсас жаңалықтар

Порошенко Лукашенконы қайта сайлау өткізуге шақырды

admin

Қытайдың солтүстігінде ежелгі түріктердің 120 моласы табылды

admin

Лукашенко Минскідегі резиденциясына автомат асынып келді

admin