19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Әлемде

Еуропалық Одақ барлық туристі бір шартпен қабылдауға дайын

вакцинация

KAZUS.KZ. Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лайен The New York Times газетіне берген сұхбатында Еуропалық Одақ (ЕО) барлық туристі бір шартпен қабылдауға дайын екенін айтты, деп жазады Baq.kz.

ЕО-ның барлық 27 елі Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) мақұлдаған препараттар вакцинацияланған кез келген адамды сөзсіз қабылдайды, – деді ол.  

Оның айтуынша, сапарды қайта бастау уақыты әлі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Алайда, Урсула фон дер Лайен басқа вакцинация алғандарға қатысты ЕО-ны саясаты қандай болатынын түсіндірмеді.

Әзірге EMA COVID-19-ға қарсы вакцинацияға арналған төрт препаратты мақұлдады: американдық-германиялық консорциум Pfizer және BioNTech, американдық Moderna компаниясы, британдық-шведтік AstraZeneca және американдық Johnson & Johnson компаниясы.

Ұқсас жаңалықтар

Келесі президенттің есімі атала бастады

admin

Қытайдың химиялық зауытында апат болып, тұрғындар қаладан қашқан

admin

Грекияда коменданттық сағат енгізіледі

admin