12 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Спорт

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды

KAZUS.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар басқармасының дауыс беру нәтижелері бойынша, Қазақстанның екі өкілін өзінің басқарушы органдарының өкілі етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрамына кірді, ал Сидней олимпиадасының чемпионы, Олимпиадалық дайындық орталығының директоры Ермахан Ыбраимов чемпиондар мен ардагарлер комиссиясының мүшесі болды.

Жаңа тағайындалған қазақстандықтарға хатты AIBA президенті Умар Кремлев жолдады. Ол өз жолдауында қазақстандықтардың білігі мен тәжірибесі ұйымды дамытуға қосқан елеулі үлес болатынын айтты. Сондай-ақ ол ұйымның жаңа мүшелерімен ертерек танысып, жұмысты бастауды күтіп отырғанын айтқан.

Қазақстандықтардың жаңа қызметке тағайындалуына орай Азиялық бокс конфедерациясы да құттықтау жолдады.

Бұл 2018-2019 жылғы үзілістерден кейін AIBA-ның басқарушы органдарына тағайындалып отыран алғашқы қазақстандықтар. 2014-2017 жылдар аралығында аталған ұйымда Қазақстанның 6 азаматы жұмыс істеген. 2019 жылы ұйымда жүргізілген реформалардан кейін комиссиялардың барлығы таратылып, қазір қайта жасақталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Бавария»? Әлде… «ПСЖ»?

admin

«Түркістан – арена» UEFA талаптары сай сертификациядан өтті

admin

Қанат Ислам айқас алдында салмақ өлшеді

admin