19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Қоғам

Енді коллекторлар займ алғандарға бөтен телефон нөмірінен хабарласа алмайды

KAZUS.KZ. Сенат Коллекторлар туралы заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп жазады «Хабар 24«.

Құжат олардың жұмысын реттеуге бағытталған. Енді коллектор займ алғандарға бөтен телефон нөмірінен хабарласа алмайды. Олардың туыстарын да мазалауға рұқсат берілмейді. Ал байланысқа шыққан кезде міндетті түрде аудио/бейне жазба жүргізетін болады.

Сондай-ақ заң жобасында микроқаржы ұйымдарының әрекеттері де қарастырылған. Мәселен, олар несиенің толық сомасын келісімнің бірінші бетінде жазуы тиіс. Жарнама жасағанда жылдық мөлшерлеме туралы ақпаратты да беру көзделген. Ал несиесін 180 күн бойы төлемегендерге комиссияны есептеу тоқтатылады.

Айта кетейік, құжатта қарыз алып, оны уақытылы төлей алмағандарды қара тізімнен 5 жылдан кейін шығаруды ұсынылып отыр. Мұндай шешім шамамен 500 мың азаматтың қайта несие алуына мүмкіндік береді.

«Азаматтардың несие тарихын сақтау мерзімі – өзекті мәселе. Банктер соңғы 10 жылда қарызын қайтармағандарға қайта несие бермейді. Егер бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарса, 490 мың азаматымыз банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан несие ала алады», дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина.

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдікке жем болған атыраулық келіншек желіде соңғы хатын жариялады

admin

Шымкент бюджетті игеру бойынша Республикада бірінші орында

admin

Көппәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақылары беріле ме?

admin