17 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Қоғам

Электр энергиясына тарифті көтеру нарық талабы – Владимир Мележик

энергия

KAZUS.KZ. Қазақстанда 1 сәуірден бастап электр энергиясының тарифтері өседі. Тарифтің көтерілуінің себебін туралы «Жамбыл ГРЭС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Бас директорының кеңесшісі Владимир Мележик түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы тариф еліміздегі барлық электр стансалары үшін тиімсіз. Өйткені әрбір электр стансасының өзіндік құны шекті тарифтен әлдеқайда жоғары.

«Шығыстардың барлық бабы ескерілмеген, сондықтан саланың тұрақты дамуы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып түзету қажет, бұл көптеген жылдар бойы болған жоқ. 2009-2015 жылдар аралығында тариф жыл сайын ереже бойынша 1 қаңтардан бастап көтеріліп, барлығы бұл туралы білді, жоспарларын жасап құрып, жаңғырту жұмыстарын жүргізді», – деп атап өтті В.Мележик.

Ол атап өткендей, 2019 жылы электр қуаты нарығы енгізілді. Сол кезде, қуат ақысы стансаның қуатын арттыру үшін жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жеткілікті деңгейде болады деп болжанды.

«Алайда, қуат нарығының енгізілуімен энергия өндіруші стансаларға электр энергиясын өндіруге арналған босату тарифі төмендетілді, бұл қаржылық тұрақтылық пен техникалық тиімділіктің нашарлауына айтарлықтай әсер етті», – деп қосты ол.

В.Мележиктің айтуынша, әрбір энергия өндіруші ұйым өзінің барлық есептеуі мен негіздемесі бар құжаттар пакетін 2020 жылы қарауға жіберген. Осы ретте, ол бүгінгі күнгі түйіткілді мәселелерге тоқталды.

«Біз – энергия өндіруші ұйымбыз. Таратушы ұйым бар, жеткізуші бар және парадокс бар, біз бір тізбекпен байланысып, сол өнімді сатамыз, бірақ тарифтер бізге әртүрлі органдарды бекітеді: Бізге – Энергетика министрлігі, ал жеткізуші ұйымдар мен таратушыларға – Табиғи монополияларды реттеуді бақылау департаменті және монополияға қарсы комитет. Міне, 1 сәуірден бастап энергия өндіруші тариф жоғарылайды, соңғылары өтінім береді және оларға тарифті бекітуге шамамен 5-6 ай кетеді. Тиісінше алымдар жоқ, олар бізге сатып алынған электр энергиясы үшін төлемейді. Мұндай коллапс орын алуда», – деп түйіндеді В.Мележик.

Еске сала кетейік, тарифтерді түзету 30 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің тиісті бұйрығымен жүргізілген болатын. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 сәуірден бастап енгізілуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Есірткі пайдаланған алматылық азаматтар ұсталды

admin

Өмірзақ Шөкеев құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті

admin

45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді

admin