30.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Басты жаңалықтар Қоғам

Депутат танымал блогерден жазған пікірі үшін кешірім сұрауды талап етті

Жақында ғана Риддер қаласында орын алған табиғи апаттан зардап шеккен халыққа алғашқылардан болып көмек қолын созған қоғам белсендісі Олжас Мамыр Шымкент қаласы мәслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаймен соттасуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ол өзінің Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Anyqtimes.kz ақпараттық порталы.

Қоғам белсендісі парақшасында Шымкент қаласы мәслихат депутатының талап хатын жариялаған. Онда Олжас Мамырдан жалған ақпарат таратқанын мойындап, әлеуметтік желіде жариялауын талап еткен. Халық қалаулысының пікірінше, қоғам белсендісі оның ар-намысына тиетін пікір қалдырған. Бірақ Олжас Мамыр депутаттан кешірім сұрамайтынын мәлімдеді.  

«Халықтың қалаулысы болу оңай емес. Әрине ол өзін халықтың адамымын десе оқпен шоққа көнеді. Ал, депутаттық мандаты бола тұра әкімге бас ұратын болса, онда халықтың мұң—мұқтажы мен үдеріне жарай алмайтынын сезінген халық қалаулысы қызметін қоя салғаны дұрыс. Себебі ондай әкімдікте де жеткілікті деп есептеймін.  Бүгін маған хабарласып, төменде тұрған фотоны жіберді. Көріп күлдім. Әрине барлығының өз құқығы бар. Бірақ сынды көтере білу, ол ер азаматтың бір белгісі. Нұрғазы Бұхарбай сіз мен үшін ешкім емессіз, сізді депутат ретінде расында көргімде келмейді. Себебі сырттан менің көзқарасым бойынша, қолыңыздан түк келмейтін адамсыз. Сізден кешірім пост жазбаймын. Мен артық кеткен болсам, айыбымды өтеймін. Мен сізге  зоопарктегі хайуан емеспін, өз ақылыммен жазған сөзіме жауап бере аламын, – деп жазды қоғам белсендісі.

Сонымен қатар Олжас Мамыр Шымкентте дау болған Наурыз тойына қатысты пікір білдірген.

«Наурыз мерекесінде дау болған еді, қателеспесем  560 миллион теңгеге сіздің қатысыңыз бар екені сырт көзден бірден көрінгендей. Одан бөлек бұл ақша қысқарған. Негізі сіз 1 500 000 000 теңгеден көп ақша сұрауға қол қойғансыз. Бірақ әріптестеріңіз қырқып жіберген. Басқада депутаттар ақшаны қысқартпай, тура жіберсе онда таза масқара болатын едік. Бұл жерде сіздің көзіңізбен басқарма басшысының сұлулығына қарамай ақшаны қысқартқаны жөн болған екен деп отырмын. Ерік өзіңізде. Қолыңыздан келгені коментарийлерімен алысу болса, онда қоя салғаныңыз дұрыс. Себебі қиын жағдайда елге жұмыс жасау керек. Сізге ешкім мін мен сын айтуға болмайды деген ойда болсаңыз, ақылым, жеке кәсіпкерлігіңізбен айналысыңыз. Елдің қызметінде боламын десеңіз, елдің міні мен сынына төзесіз,  төзіп қана қоймай,  оны жөндеумен айналысасыз. Мемлекеттік қызметтің нанын ақтап жеу керек деген нақыл сөзге берік болған дұрыс ау депутат мырза!» – деп жазды Олжас Мамыр. 

Ұқсас жаңалықтар

Ешкі терісінен тігілген аяқ киім сатып алған Ө.Шөкеевтің әрекеті жұртты қызықтырды

admin

Шымкентте ЭКО-ға бөлінетін квотаны күтіп отырған отбасы көп

admin

Өлген құс үшін өтемақы төлене бастады – ҚР АШМ

admin