30.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Әлемде

«COVID-19-ды жеңген алғашқы ел». Израиль карантинді толығымен алып тастайды

Израиль. Фото: Reuters

Израиль пандемияға байланысты маусымнан бастап енгізілген барлық шектеуді алып тастайды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

«Пандемия басталғаннан бері алғаш рет Израильдегі барлық шектеу 1 маусымнан бастап алып тасталады», – деді департамент өкілдері.

Алайда шетелдік туристер үшін шектеулер өз күшінде қалады, тіпті коронвирус таралмауы үшін талаптар күшейтілуі мүмкін.

Израильде бес миллионнан аса адам (халықтың 55 пайызы) коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алды. Мейрамханаларға, барлар мен спортзалдарға тек «жасыл төлқұжаты бар», толықтай екпе салдырған немесе жазылып шыққан адамдар кіргізіледі. Маусымнан бастап вакцинациядан өтпеген адамдар да бұл мекемелерге кіре алады. 

Израиль вакцинация бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. 2021 жылдың сәуірінің басында мұнда ересек тұрғындардың 80 пайызы егілді. Наурыздың басында премьер-министр Беньямин Нетаньяху Израиль COVID-19-ды жеңген алғашқы ел деп мәлімдеді.

Израильде халықты жаппай вакциналау 2021 жылдың қаңтарында басталды. Мемлекет осы қажеттіліктер үшін америкалық Pfizer препаратын сатып алды. Ең алдымен, вакцинация аға буын және созылмалы ауруы бар адамдарға салынды. 

Ұқсас жаңалықтар

Әлиев пен Пашинян телеарна эфирінде Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

admin

Адамдардың әр басқан қадамына – ақша төленеді: Өзбекстанда жаңа бастама қолға алынды

admin

Бейжің тұрғындарына маскасыз жүруге рұқсат етілді

admin