-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Басты жаңалықтар

«Бас мені!» – Алматыда пойыз астына түспек болған қыздың видеосы пайда болды

KAZUS.KZ. Алматыда бір қыз өзіне қол жұмсамақ болып, жолаушылар пойызының алдына тұрып алды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 ақпанда болған оқиғаның видеосын Facebook-тегі «Алматы. Что? Где? Когда?» парақшасына Евгений Дружина жүктеді. Оны мына жерден көруге болады. 

«Бүгін қыз өзін-өзі өлтіргісі келді, бірақ машинист пойызды тоқтатып үлгерді. Қызды ер адам ұзақ уақыт жұбатып, сабырға шақырды. Нағыз адам!!!» – дейді Желі қолданушысы.

Видеоға қатысты жазылған пікірлерде қыздың жүкті екені айтылады. Алайда Евгений Дружина оны жоққа шығарды. «Ол жүкті емес. Пойыз жүргізушісі сигнал бергенде, ол «Бас мені, бас!» деп айғайлады. Бір нәрсе болғаны анық», – деп жазды ол.

Ұқсас жаңалықтар

Күйеуінің қыспағына ұшырап, ақыры мерт болған астаналық келіншектің әкесі үндеу жасады (видео)

admin

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

admin

2020 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер қандай?

admin