25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Мәдениет

«Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі өтеді

BAQ.KZ. «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» аясында республикалық «Balapan әлемі» атты Open Air фестиваль өткізеді.

Мерекелік шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде сағат 12:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл жағасындағы амфитеатрда өтеді. Концерттік бағдарламада ел аймақтарынан келген 800-ге жуық талантты бала және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында амфитеатр аумағында ұлттық спорт және ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылып, асфальтқа сурет салу байқауы өтеді. «Balapan әлемі» кітап көрмесі мен астаналық мектепішілік қолөнер үйірмелері мен шебер балалар дайындаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар шара аясында балалар көңілді аниматорлар мен цирк әртістерінің өнерін тамашалай алады.

Фестивальде Ақтау, Жезқазған, Қызылорда және Семей қалаларындағы балаларға арналған іс-шаралардан тікелей қосылым жасалады.

Мерекелік концертті елорда тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады. Телеарна көрермендері үшін «Balapan әлемі» фестивалі «Balapan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Related posts

Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

Admin

Қазақстанда әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға 15 мың теңге төленеді

Admin

Отандық телеарналардан референдум туралы деректі фильм көрсетіледі

Admin

Этнограф, cуретші Ералы Оспанұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

Admin

Димаштың әндері Бразилия радиосында күн сайын шырқалып жатыр

Admin

Мың оқушы қатысқан домбыра сабағы: Мемлекет басшысы Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

Admin