19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Экономика

Ауыл шаруашылығы министрі ауыл тұрғындарына берілетін несие түрлерін атады

KAZUS.KZ. Алдағы 5 жылда ауыл тұрғындарына 250 млрд теңге сомаға 50 мың микрокредит беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы импортты алмастыру аясында 2024 жылға дейін 19 құс фабрикасын, жыл сайын 35 тауарлық сүт фермасын, 9 ет комбинатын іске қосу, сондай-ақ Жамбыл облысында 1 жаңадан қант зауыты құрылысы жоспарланған. 6,6 мың гектар алаңда жаңа қарқынды бақ отырғызу көзделген. Бұл жобаларды енгізу ауылда 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді», – деді министр.

Оның атап өтуінше, «Еңбек» бағдарламасы аясында алдағы бес жылда ауылдарда 250 млрд теңге сомаға 50 мың микрокредит беру жоспарланып отыр.

«Аталған бадарлама бойынша өткен жылдың өзінде осы мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды. Бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді. Оның 60 пайызын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген кредит беру аясында 2025 жылға дейін етті мал шаруашылығында 175 млрд теңге сомасына 2 500 шаруашылыққа кредит беру жоспарлануда, нәтижесінде 10 мың жұмыс орны құрылады», – деді Сапархан Омаров.

Министрдің дерегінше, қой шаруашылығында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 117,2 млрд теңге сомасына 11 мың шаруашылыққа кредит беру жоспарланған. Бұл 33 498 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Кең Дала» бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінеді. Биыл 2 400 тауар өндірушіге 3 млн гектар алаңға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін жалпы сомасы 70 млрд теңге қысқа мерзімді кредит беру көзделген. Бүгінгі күні бағдарлама аясында 1 923 ауыл шаруашылығы еңбеккері жалпы сомасы 63,0 млрд теңгеге қаржыландырылды», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Ерболат Досаев ұлттық қордың бір айдағы оң инвестициялық кірісін атады

admin

Түркістан – Шымкент – Ташкент бағытын қамтитын жаңа теміржол желісі салынбақ

admin

Қазақстан Ресей мен Қытайды басып озды

admin