32.3 C
Shymkent
Шілде 30, 2021
Денсаулық

Асқар Мамин: Халықты вакцина алуға ынталандыратын тәсілдер ойластыру керек

KAZUS.KZ. «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан, қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте бұл – вакциналаумен қамтуды ұлғайту. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет», – деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керектігін баса айтты.

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет», – деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Коронавирустан кейін елімізде туберкулез өршуі мүмкін

admin

90 жастағы апа пневмониядан жазылып шықты

admin

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

admin