22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Әлемде

66 жастағы қария 5 сағатта 10 келі салмақ тастаған

KAZUS.KZ. Дағыстанда 66 жастағы тұрғын айналдырған бес сағат ішінде 10 келі салмақ тастап, рекорд жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Муги ауылында тұратын 66 жастағы Багама Айгубов бес сағат бойы стадионда жүгіру барысында 9,3 келі салмақ тастай алған. Оған дейін мұндай рекордты ешкім тіркеп көрмеген.

Ресей рекордтар кітабының маманы Александр Пересвет Багаманың рекорды теңдессіз екенін айтуда.

«Бұл теңдессіз оқиға – аналогы болмаған рекорд. Рекордты тіркеуге жолға шыққанда оны жас жігіт орнатпақ ниетте деп елестетіп келген едім. Алайда жасы 65-тен жоғары адамды көргенде оның жасын ескеру қажеттігін түсіндім», -дейді ол.

Рекорд орнатар алдында дағыстандық спорт ардагері салмағын өлшеді. Оның салмағы 88 келіні көрсетті.

Багама жаңбырға қарамастан жүгірді. Оның жағдайын дәрігерлер бақылап отырды. Ол мұндай рекордты үлкен әзірлікпен, ұзақ уақыт жаттығудың арқасында орнатқан. Спортшы бұған дейін де аз уақыт ішінде 15 келіге дейін салмақ тастап көрген екен.

Ол алдағы уақытта тағы да өз рекордын жаңартпақ ниетте екенін жасырмады. Спортшыға салтанатты түрде Ресей рекордтар кітабының сертификаты табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Шын мәнінде, Беларусь елін, тек мен ғана қорғай аламын – Лукашенко

admin

Лукашенко Минскідегі резиденциясына автомат асынып келді

admin

Маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған

admin

Пікір қалдыру