-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

50 мың теңгенің кімдерге берілетіні белгілі болды

10 мың теңге

«Birgemiz» қоры тарапынан берілетін 50 мың теңгенің нақты кімдерге берілетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген.

Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

«Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз», – деді қор төрағасы.

Сондай-ақ, Р.Сәкеев қазіргі таңда осы бағытта өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын және азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері берілетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ақсу-Жабағылы тауларында қар барысы видеоға түсірілді

admin

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

admin

Елімізде өткен тәулікте короновирус індетін 77 адам жұқтырды

admin

Пікір қалдыру