17 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Экономика

5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз несие берілуде

Шымкенттегі «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында өткен дөңгелек үстел «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін қайтарымсыз гранттар тақырыбына арналды – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық кәсіпкерлер палатасы және кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы өкілдері қатысқан шарада халықты бизнеске ынталандыратын мемлекет қолдауының шарттары егжей-тегжейлі талқыланды.

Салаға жауаптылардың сөзіне қарағанда, 2-5 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз қаражат кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедек жандар мен 50 жасты еңсерген азаматтарға бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы бұл көмек беруде экономиканың басым бағыттары ескеріледі.

Грантты иемденіп, кәсібін қолға алғысы келетін тұрғындар 3 айлық оқу курстарына қатысып, сертификат алуы қажет. Үш жылға жарамды сертификат тапсырылған соң бағдарлама қатысушысы жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі. Грант тек кәсіпті дамытуға, құрал-жабдық, материалдар сатып алу үшін жәрдем ретінде беріледі. Айта кетейік, грант қаржысы есепшотқа түскеннен кейін оның мақсатты пайдаланылуына жылына екі рет тексеру жүргізіледі.

Сарапшылар 555 мың теңге көлеміндегі грантты иемденген азаматтардың да бұл қолдауға өтініш бере алатынын айтады. Мамандар бұл ретте ең алдымен бизнес-жоспарды дайындауға кеңес береді.

Айта өтейік, жыл басынан бері Шымкентте үкімет қолдауын иемденуге 100-ден астам адам конкурсқа қатысып, осы уақыт аралығында комиссияның оң қорытындысымен 67 бизнес жобаға қолдау көрсетіліп, қаржы бөлінген.

Грантқа құжаттар келесі жылы да жалғасады. Бағдарлама шарттары БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша заң жобасы таныстырылды

admin

Жарты миллиард теңге бизнеске бағытталды

admin

ТҮРКІСТАН: өңірде биыл 654 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды

admin