9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

42 500 теңге әлеуметтік төлем тағы беріле ме?

KAZUS.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамынша, жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп жазады informburo.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов 42 500 теңгенің қайта тағайындалуы туралы сұраққа жауап берді:

«Бұған дейін әлеуметтік төлем төтенше жағдай және карантин кезінде төленді. Ал қазіргі уақытта карантин талаптарын жеңілдету процесі жүріп жатыр. Кәсіпкерлердің бір бөлігі жеңілдетілген режимде жұмыс істеп бастайды. Ал, қиын жағдайға тап болған кәсіпорындарды қолдау мәселесін ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ұлттық экономика министрлігі қолға алмақшы. Сондықтан, дәл қазір азаматтарға 42 500 теңге тағайындау туралы сөз қозғалып жатқан жоқ».

«Карантин талаптары жеңілдетілгенімен, әлі де жұмысын бастауға рұқсат берілмеген нысандар бар. Онда істейтін адамдар жұмысқа да шықпайды, 42 500 теңгені де ала алмай ма?» деген журналист сұрағына вице-министр былай деді:

«Карантин режимі жеңілдетілген орындардың қызметкерлері жұмыс істей береді. Ал жұмысқа әлі де шыға алмай отырғандарды қолдау мәселесін ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ұлттық экономика министрлігі қарастырады».

Жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызға дейін өседі.

«Ал, нақты болжам елдегі эпидемиологиялық жағдайдың даму қарқынына және күз айларында карантиннің болу-болмауына тәуелді. 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, ал екінші жартыжылдықта 5 пайызға жетті», – дейді Серік Шәпкенов.

Вице-министрдің айтуынша, «жыл соңына қарай елдегі жұмыссыздар саны көбейеді» деген болжамға пандемия айтарлықтай әсер етіп отыр.

«Қазір біз пандемияның екінші толқыны келеді деп болжап отырмыз. Солай болған жағдайда карантин шаралары да жалғасады. Ал бұл факторлар жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әсер етеді», – дейді ол.

Серік Шәпкенов елдегі жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызға дейін өскен жағдайда еңбекке жарамды 700 мың қазақстандық жұмыс қалатынын айтты. Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы 7 айында жұмыссыздық деңгейі 8 есе өскенін хабарлаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе?

admin

Солтүстік Қазақстан облысында 1 теңгеге мектеп сатып алуға болады

admin

Алматыда қосымша карантиндік шектеулер күшіне енеді

admin

Пікір қалдыру