32.3 C
Shymkent
Шілде 30, 2021
Әлемде

«39 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар». Гиннестің рекордтар кітабына енген азамат көз жұмды

Фото: twitter.com/firstpost

KAZUS.KZ. Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі ең үлкен отбасының 76 жастағы отағасы қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы штаттың бас министрі Twitter-парақшасында жариялады.

«Бүгін әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы Зиона Чана қайтыс болды. Оның отбасы тұратын ауыл шатымыздың басты туристік орындардың бірі болатын. Жатқан жерің жайлы болсын», – делінген министрдің мәлімдемесінде.

Зиона Чана, полигамия тәжірибесін ұстанатын діни сектаның жетекшісі (бірнеше әйел алуына рұқсат етілген неке түрі – авт. ескерт.) 13 маусымда түнде қайтыс болған. Оның 39 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар.

Ер адам қант диабеті мен гипертониядан зардап шеккен. Дәрігерлер Чананың жағдайы Бактанг Тлангнуам ауылындағы үйінде нашарлағанын айтты. Жексенбіде кешке ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Чана 1945 жылы 21 шілдеде дүниеге келген. Ол алғаш рет 17 жасында үйленді, әйелі Затианга одан үш жас үлкен болған. Отбасында 200-ден аса адам болды. Чананың отбасы әлемдегі ең үлкен отбасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Чана және оның отбасы тұратын Үндістанның солтүстік-шығысындағы ауыл туристердің қызығушылығын тудыратын ерекше орын саналған. Бактанг Зиона ауылында төрт қабатты үй салынған, онда 100 бөлме және 17 жуынатын бөлме бар. Әр бөлмеде 3-4 адамнан тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Дональд Трамп: АҚШ енді карантинге жабылмайды

admin

Маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған

admin

Митинг. Экс-президент босатылды

admin