22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Әлемде

30 жастағы әйел 4 баласын тұншықтырып өлтірген

KAZUS.KZ. Тәжікстанда 30 жастағы әйел 4 баласын тұншықтырып өлтірген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Радио Озоди» сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте Хатлон облысында болған. Ішкі істер министрлігі оқиғаның болғанын растап, бүгінде әйелдің қамауға алынғанын жеткізді.

Дереккөздің мәліметінше, әйелдің аты-жөні – Назокатхон Тоирова. 2 күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне барған. Назокатхонның күйеуі құрылыста жұмыс жасаған. Қайғылы оқиға болған күні ол үйінде болмапты. Әйел 10, 8, 4 жастағы балалары мен 1 жасар сәбиін тұншықтырып өлтіріп, полицияға барған. Онда ол өз кінәсін мойындапты.

Әйелдің мұндай жантүршігерлік қылмыс жасауға не итермелегені әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істі прокуратура тергейтінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Жасөспірім мектепті жарып жібермек болған

admin

Беларусь елінің үкіметі отставкаға кетті

admin

Жер жаңғақ теруге бара жатқан жауынгерлер қаза болды

admin

Пікір қалдыру