9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Қоғам

2,4 миллион теңге сыйақы. «Үздік педагог» анықталады

«Үздік педагог» атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады, –  деп хабарлайды KAZUS.KZ.  ақпараттық порталы.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. Вице-министрдің хабарлауынша, биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берген. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.

«Үздік педагог» атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

«Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады», – деп жазды вице-министр Шолпан Каринова.  

Айта кету керек, соңғы 9 жыл ішінде аталған конкурстың жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы қорына қанша қаражат жиғаны белгілі болды

admin

Асқар Мамин 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды

admin

ТҮРКІСТАН: 802 елдімекен 99,8% табиғи газбен қамтылған

admin

Пікір қалдыру