25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Саясат

10 баласы бар қазақстандық отбасы қанша жәрдемақы алады?

Қаңтар айынан бері елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 501,5 мың отбасы қамтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, маусым айында 516,7 мың отбасына 31,6 млрд теңге жәрдемақы төленген.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Көпбалалы отбасылардағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Related posts

Бізге кедергісіз транзит керек – Ә.Смайылов

Admin

Тоқаевтың осы аптада қайда баратыны белгілі болды

Admin

20 мың террорист қайдан шықты. Тоқаев жауап берді

Admin

Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды

Admin

«Жаңа Қазақстан» жайлы бейнероликке 10 млн теңге жуық қаржы жұмсалмақ

Admin

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасады.

Admin