6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Қоғам

Өз өмірін қатерге тіккен спортшы марапатталды

KAZUS.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев белгілі кәсіби спортшы Дәурен Рымқұловқа «Еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырдым. Кіреберісін түтін шарпыған үйден алты адамды шығаруға көмектескен кәсіби спортшының бұл әрекеті құрметке лайық. Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп, батылдық танытқандар белсенді азаматтық ұстанымды, қоғам алдындағы борышын көрсетеді. Алматылықтар сенімен мақтанады, Дәурен!», -деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Бұған дейін Дәурен Рымқұлов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз кешкі сағат 21:33-те Алмалы ауданы Радостовец көшесі №49 үйде өрт шықты. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің ас бөлмесі ашық жалынмен жанып жатты.

Өз өмірін қатерге тіккен спортшы құтқарушылар келгенге дейін пәтерде қалған 6 адамды құтқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 26 жылға созылған «қызыл сызық» дауы бітер емес

admin

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламамен кәсіп ашып, зор пайдаға кенеліп отыр

admin

Той өткізіп, ас бергендер жайлы хабарлағандар құрқол қалмайды

admin

Пікір қалдыру