-0.8 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Әлемде

Өзбекстан шекараны ашатын болды

Өзбекстан

2020 жылдың 1 қазанынан бастап Өзбекстанға әуе, теміржол және автомобиль бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Kazus.kz Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Республикалық арнайы комиссияның кезекті шешіміне сай, әуежайларда, теміржол вокзалдары мен шекара өткізу бекеттерінде азаматтардың және көлік құралдарының жүруіне қойылатын шектеулер жеңілдетілді және 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданыстағы карантиндік және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, Өзбекстан Республикасына әуе, теміржол және автомобиль пункттері арқылы кетуге рұқсат етілді, – делінген хабарламада.

Өзбекстанға келетін азаматтарға қойылатын талап, 72 сағат ішінде коронавирусқа ПТР тест сынамасының теріс нәтижесі жөнінде анықтамасы болуы керек. Болмаған жағадайда шекарадағы (әуежай, теміржол т.б) Өзбекстан тарапқа өткеннен кейінгі аймақта келген азаматтың өз қаражатынан ПТР тест сынамасы немесе экспресс-тест тексерісінен өтіп Өзбекстанда 14 күндік қонақ үйге немесе үй жағдайындағы карантинге жатқызылады.

Ұқсас жаңалықтар

Тыныштандыратын дәрі ішкен қалыңдық үйлену той күні көз жұмды

admin

Бейжің тұрғындарына маскасыз жүруге рұқсат етілді

admin

Әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапты

admin

Пікір қалдыру