-0.8 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Әлемде

Мұғалімдерден коронавирус анықталып, мектептер қайта жабылды

KAZUS.KZ. Өзбекстанда мұғалімдерден коронавирус анықталып, мектептерді қайта жабуға тура келді, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Ташкентте өз жұмысын екі білім ошағы тоқтатуға мәжбүр. Естеріңізге сала кетейін, көрші елде осы аптаның басында жаңа оқу жылы басталып, оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды. 6 млн шәкірттің тең жартысы мектепке барып оқуды қаласа, қалғаны сабаққа онлайн қатысуды жөн көрген. Ал оқу ордалары ашылмас бұрын республикадағы барлық мұғалім коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тест тапсырғанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде Самарқанд облысында 250-ге тарта, Бұқара өңірінде 200-ден астам мұғалімнен коронавирус анықталған. Ал Әндіжан аймағында 50 шақты ұстаздан коронавирус анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Cүйіскен ғашық жандарға 200 мың теңге айыппұл салынды

admin

Қоғамдық көлікте тұрып тұруға тыйым салынды

admin

16 жасар қыз телефоннан музыка тыңдап жатқан кезде қайтыс болған

admin

Пікір қалдыру