4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық Қоғам

Әскери міндетін өтегендер мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасады

Қазақстанда шұғыл әскери міндетін өтеуге қызығушылықты арттыру мақсатында бірқатар шара қабылданды. Ол туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әскер қызметі саласында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның ішінде шұғыл әскерге қызығушылықты арттыру да бар. Атап айтқанда, әскери міндетін өтеушілерді жазғы каникулға жіберу, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау сынды шаруалар атқарылады. Сонымен қатар білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Одан бөлек, әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар», — деді Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шұғыл әскери міндетін өтушілердің білім алуына ерекше мән берілмек.

«Осы орайда біздің министрлік еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша оқытады. Оның қатарында трактор жүргізушісі, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, тағы сол сияқты мамандықтар бар. Осылайша жастар әскери міндетімен қатар, сұранысқа сай мамандықты меңгеріп шығады. Білімді міндетін өтеп жатқан әскери бөлім және әскери оқу орталықтарында алады», — дейді ол.


Б

Related posts

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Admin

Білім министрі Назарбаев Университетіндегі арандатушылық плакатқа қатысты пікір білдірді

Admin

«Қант дауынан» кейін қызметінен кеткен Бақыт Сұлтанов жаңа жұмыс тапты

Admin

Қандастар көшіне қатысты саясат түбегейлі өзгереді — Тоқаев

Admin

Мұғалімдер «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісімен марапатталмақ

Admin

70 мыңға жуық Ресей азаматына ЖСН берілді — Мусин

Admin