22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Экономика

Ұлттық экономика министрлігі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірледі

Ұлттық экономика министрі

KAZUS.KZ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін Үкімет отырысы барысында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Мемлекет басшысының «Жаңа  жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 бағыт бойынша 143 іс-шарадан тұрады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру де назарға алынған. Тиімді кадр саясаты мен шешімдер қабылдау жүйесі қамтамасыз етілмек. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады. Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғастырылып, бұл бағытта бас-аяғы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда, – деді ол.

Министр агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

«Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» бағытының негізгі басымдығы – өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесі ұлғайту. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Елдің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жалғасады. Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жалғастырылады. Ақша-кредит саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқаратын болады. Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Барлығы 42 іс-шараны іске асыру жоспарлануда, – деді Дәленов.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына арналды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан экономикасы қай уақытта қалпына келетіні айтылды

admin

Өңірлердегі жас кәсіпкерлер біліктілігін арттырды

admin

Қазақстанда ең жоғары жалақы көлемі белгілі болды

admin

Пікір қалдыру