30.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Басты жаңалықтар Оқыс-оқиға

Үйленгеніне екі күн ғана болған жігіт әпкесімен бірге жол апатынан көз жұмды

KAZUS.KZ.19 желтоқсанда жазатайым оқиға салдарынан екі туыс адам қайтыс болды,– деп хабарлайды zakon.kz.

LADA Priora көлігі қатты жылдамдықпен келе жатып, таңғы жетіде Атырау-Индер тас жолында аударылған. Жол апаты салдарынан Индер ауданы, Ынтымақ ауылының екі тұрғыны-32 жастағы жүргізуші мен оның 38 жастағы әпкесі оқиға орнында қайтыс болды.

Олардан басқа көлікте төрт бала болған, бақытқа орай, олар тірі. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, көлік рөліндегі жігіт екі күн бұрын ғана үйленіп, той жасаған, сол қаралы күні ол өзінің тойына балаларымен Ақтаудан келген әпкесін пойызға апара жатқан,– деп хабарлайды Azh.kz.

Апат фактісі бойынша сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қараусыз қалған 4 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

admin

Ресейдегіде қазақтардың төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді

admin

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді

admin