25.8 C
Нью-Йорк
18.08.2022
Басты жаңалық

Қ.Сатыбалды мен Қ.Боранбаев ісінде тың деректер пайда болды

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа және «ОПЕРАТОР РОП» мекемесі басшыларының ісіне қатысты жаңа дерек шықты, деп жазады «Хабар 24«.

Ресми мәліметке сүйенсек, тергеп тексеру кезінде айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарған. Сондай-ақ «Қазақтелеком», «Көліктік сервис орталығы» және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтеді. Ал «Оператор РОП» мекемесінің ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді.

Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерінің ісі бойынша Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтарылды. Қаржылық мониторинг агенттігі Боранбаевқа қатысты істі тергеп-тексеру барысында «Қазмұнайға» 11,3 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты істе 5,5 млн доллар және 200 мың еуроны Ұлттық Банкке аудару рәсімі жүріп жатыр. Мемлекет пайдасына 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік және Алматы қаласынан 30 жылжымайтын мүлік тәркіленген. Ал Шығыс Қазақстанда Анатолий Балушкинге прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады. Жалпы ел қазынасына 230 млрд теңге қайтарылған.


Related posts

Отандық такси агрегаторы іске қосылды

Admin

Қазақстандық теннисші күміс жүлдеге ие болды

Admin

Қара алтын қымбаттады

Admin

Әскери міндетін өтегендер мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасады

Admin

Қазақстан темір жолы 2 триллион теңгеге шығынға батқан

Admin

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Admin