2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Экономика

Құрылған жаңа комитет балық шаруашылығын дамытады

рыба

KAZUS.KZ. Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамында Балық шаруашылығы комитеті құрылды. Саланың жеке ведомствоға біріктірілуі жақында қабылданған балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауында Қазақстанның балық шаруашылығындағы әлеуеті зор екенін ескере отырып, оны дамытуға аса мән бере қажеттігін айтқан.

Еске салайық, елімізде Ауыл шаруашылығы министрлігіі құрамында болған Балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылған. Одан бері балық ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және көбейту саласындағы мемлекеттік саясатты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жүргізіп келеді. Салаға қатысты міндеттердің комитет пен жергілікті атқарушы органдардың және балық шаруашылығындағы өзін өзі басқару субъектілерінің арасында бөлінуі орталықтандырылған түрде тиімді жұмыс істеуге кедергі келтіреді.

Ал жұмысты жүйелі түрде жүргізу арқылы мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей су ресурстарындағы балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға жеткізуге болады. Балық экспортын 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспары да бар. Ол үшін 545 жаңа балық шаруашылығы құрылып, 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады. Қазіргі уақытта жаңа комитеттің алдында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына жол ашатын саланы мемлекеттік қолдау аясын кеңейту, заңнаманы жетілдіру, балық жемі өндірісін жолға қою, кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын атқару міндеттері тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев өңірлік кеңес мүшелерімен кездесті

admin

Өнеркәсіптің даму көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы артта келеді

admin

Қазақстанның алтын-валюта резерві 35 млрд доллардан асты

admin